22
апрель
2024
"Әр нәрсенің өлшемі бар..." "Қажеттілік" пен "қалау" арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтауға болады?тақырыбында өткізілді.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында құрылған "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" арнайы бағдарламасы аясында 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарын қолдау бойынша кезекті сабағы "Әр нәрсенің өлшемі бар..." "Қажеттілік" пен "қалау" арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтауға болады? тақырыбында өткізілді. Іс-шараны 5-9 сыныптарының шығармашыл педагогтері арасынан құрылған ұстаз Г.Сейсембиева жетекшілік ететін жұмыс тобы жүзеге асырды. Жұмыс барысында сабақтың қойылған мақсаттарына жету үшін түрлі әдістер мен тәсілдер пайдаланылды. Сабақтың соңында ата-аналар тарапынан алынған кері байланыс үрдісінен ата-аналар бала тәрбиесі бойынша жан-жақты кеңестері үшін өздерінің алғыстарын білдірді.
















