26
февраль
2024
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" арнайы бағдарламасы аясында ата-аналар арасында кезекті сабақтары өткізілді.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында құрылған "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" арнайы бағдарламасы аясында ата-аналар арасында кезекті сабақтары өткізілді. Іс-шараны мектептің шығармашыл педагогтері арасынан құрылған жұмыс топтары жүзеге асырды. Жұмыс барысында сабақтардың қойылған мақсаттарына жету үшін түрлі әдістер мен тәсілдер пайдаланылды. Әр сабақтың соңында ата-аналар тарапынан алынған кері байланыс үрдісінен ата-аналар бала тәрбиесі бойынша жан-жақты кеңестер алғанын айтып, алғыстарын білдірді. 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарын педагогикалық қолдау бойынша "Құмар ойындары - тәуелділік қақпаны" тақырыбында, 5-9 сыныптары оқушыларының ата-аналарымен "Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері" тақырыбында, ал 10-11 сыныптары ата-аналарымен "Жақсыдан қашпа, жаманға баспа..." тақырыбында сабақтары өткізілді.
#центрпедагогическойподдержки
#атааналардыпедагогикалыққолдауорталығы
#цппр
#біртұтастәрбие


#центрпедагогическойподдержки
#атааналардыпедагогикалыққолдауорталығы
#цппр
#біртұтастәрбие


