05
декабрь
2023
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" арнайы бағдарламасы аясында ағымдағы 2023-2024 оқу жылының қараша айындағы кезекті сабақтарын өткізді.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында құрылған "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" арнайы бағдарламасы аясында ағымдағы 2023-2024 оқу жылының қараша айындағы кезекті сабақтарын өткізді. Іс-шараны мектептің шығармашыл педагогтері арасынан құрылған жұмыс топтары жүзеге асырды.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша I жұмыс тобының мүшелері 1-4 сыныптары оқушыларының ата-аналарымен балалардың оқуға қызығушылықтарын арттыру үшін отбасы мен мектептің өзара әрекеті бағытында «Білімдіге дүние жарық» , II жұмыс тобы 5-9 сыныптары оқушыларының ата-аналарымен жасөспірімдердің физиологиялық бейімделуі, олардың табысты әлеуметтенуіндегі отбасы мен мектептің өзара әркеттесуі бағытында «Ақыл айтпа, жол көрсет», ал III жұмыс тобы 10-11 сыныптары оқушыларының ата-аналарымен жас ұрпақтың эмоционалды интеллекттерін дамыту бағытында «Көркем мінез – баға жетпес байлық» тақырыбында қолдау сабақтарын өткізді. Жұмыс барысында сабақтардың қойылған мақсаттарына жету бағытында түрлі әдістер мен тәсілдер пайдаланылды. Әр сабақтың соңында ата-аналар тарапынан алынған кері байланыс үрдісінен ата-аналар бала тәрбиесі бойынша жан-жақты кеңестер алғанын айтып, ұйымдастырылған іс-шараны жоғары бағалағанын көруге болады.