"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" арнайы бағдарламасы аясында » СШ№19 им. Алимбекулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Cыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 325-31-45
Есепші бөлімі:
+7 (702) 256-12-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" арнайы бағдарламасы аясында
03
ноябрь
2023

"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" арнайы бағдарламасы аясында

Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында құрылған "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" арнайы бағдарламасы аясында ағымдағы 2023-2024 оқу жылының қазан айында ата-аналар арасында алғашқы сабақтарын өткізді. Іс-шараны мектептің  шығармашыл педагогтері арасынан құрылған жұмыс топтары жүзеге асырды. Сабақтардың іске асырылуы  мектеп әкімшілігі мен жұмыс топтарының жан-жақты пысықтау сүзгісінен өткізіліп, жоспарлы түрде жүргізілді. 
  Ата-аналарды  педагогикалық қолдау бойынша I жұмыс тобының мүшелері 1-4 сыныптары оқушыларының ата-аналарымен «Отбасы - бақыт мекені», II жұмыс тобы 5-9 сыныптары  оқушыларының ата-аналарымен «Баланың бас ұстазы – ата-ана», ал  III жұмыс тобы 10-11 сыныптары оқушыларының ата-аналарымен  «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу» тақырыбында қолдау сабақтарын өткізді. Жұмыс барысында сабақтардың қойылған мақсаттарына жету бағытында түрлі әдістер мен тәсілдер пайдаланылды. Әр сабақтың соңында ата-аналар тарапынан алынған кері байланыс үрдісінен ата-аналар бала тәрбиесі бойынша жан-жақты кеңестер алғанын айтып, ұйымдастырылған іс-шараны жоғары бағалағанын көруге болады.
 Орталықтың әр сыныптық буындардың ата-аналарына әдістемелік және практикалық қолдау көрсету іс-шаралары ағымдағы оқу жылының алдағы айларында да өз жалғасын табатын болады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив