10
июнь
2025
"Балдәурен" демалыс лагерінің кезекті кезекті күні балалардың туған өлке тарихы туралы танымдарын дамыту бағытында өтті.
10.06.2025 ж. Мектеп жанынан балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында жұмыс жасап жатқан "Балдәурен" демалыс лагерінің кезекті кезекті күні балалардың туған өлке тарихы туралы танымдарын дамыту бағытында өтті. Бұл күні балалар аудандық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасады. Балалар туған өлке тарихының жәдігерлерімен танысып, өңір тарихы және оның тарихи тұлғалары туралы танымдарын кеңейте түсті. Мұражайға ұйымдастырылған саяхаттан кейін балалар уақыттарын саябақта көңілді демалыспен жалғастырды.









