03
июнь
2025
Мектеп жанынан ұйымдастырылған "Балдәурен " жазғы демалыс лагерінің екінші күнінің бағдарламасы күнделікті өткізілетін "Шынықсаң шымыр боласың" ертеңгілік бой сергіту жаттығуларымен басталды
03.06.2025 ж. Мектеп жанынан ұйымдастырылған "Балдәурен " жазғы демалыс лагерінің екінші күнінің бағдарламасы күнделікті өткізілетін "Шынықсаң шымыр боласың" ертеңгілік бой сергіту жаттығуларымен басталып, өзінің жалғасын балалардың қызығушылықтарын ескере отырып жұмыс жасайтын үйірме шараларына ұласты. Дене шынықтыру мамандарының жетекшілігімен "Қызықты эстафета" атты спорттық ойындар сайысы тартысты өтіп, балалардың көңілдерін ерекше көтерген іс-шараның бірі болды. Ал кітапханадағы "Кітап - өмір азығы" шарасы балаларды бір сәт кітаптар әлемімен таныстырып, рухани танымдарын дамыта түсті.



