04
октябрь
2023
Төрт тоқсан - төрт өнер" ұлттық мәдени-ағарту жобасы.
Қазақстандық патриотизмді, ұлттық бірегейлікті, әлеуметтік құзыреттілікті қалыптастыруға, оқушыларды халқымыздың мәдени дәстүрлеріне, көпұлтты мемлекет жағдайында жалпы адамзаттық құндылықтарға баулу бағытында "Төрт тоқсан - төрт өнер" ұлттық мәдени-ағарту жобасы аясында ағымдағы жылдың 4 қазан күні "Мәдени мұраларға саяхат" тақырыбында мектебімізде жұмыс жасайтын "Туған өлке" үйірмесінің жетекшісі А.Нарбекованың ұйымдастыруымен білім алушылар Меркі аудандық тарихи-өлкетану мұражайына барып қайтты. Іс-шара барысында білім алушылар туған өлке тарихы және өлкенің тарихи тұлғалары туралы кеңінен мағлұматтар алды.




