20
сентябрь
2023
"Төрт тоқсан-төрт өнер" атты ұлттық мәдени - ағартушылық жобасы
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде "Төрт тоқсан-төрт өнер" атты ұлттық мәдени - ағартушылық жобасы аясында "Менің шығармашыл отбасым" тақырыбында 7-сыныптың білім алушысы Қуаныш Алинұрдың отбасы шығармашылдық қырынан көріне білді. Ұлттық мәдениетті, сал-дәстүрді дәріптеуді дағдыға айналдырған бұл отбасының өскелең жас ұрпақ бойында ұлттық өнер құндылығын сіңіруде алар орны ерекше. Бір күні қазақтың халық әндерін бірлесіп шырқаса, басқа күні ұлтымыздың танымал қылқалам иелерінің шығармаларымен танысады.
