05
апрель
2024
"Сенім арту - жетістік кепілі" тақырыбында өткізілді.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында құрылған "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" арнайы бағдарламасы аясында 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарын қолдау бойынша кезекті сабағы "Сенім арту - жетістік кепілі" тақырыбында өткізілді. Іс-шараны 1-4 сыныптарының шығармашыл педагогтері арасынан құрылған ұстаз Г.Алишеваның жетекшілік ететін жұмыс тобы жүзеге асырды. Жұмыс барысында сабақтың қойылған мақсаттарына жету үшін түрлі әдістер мен тәсілдер пайдаланылды. Сабақтың соңында ата-аналар тарапынан алынған кері байланыс үрдісінен ата-аналар бала тәрбиесі бойынша жан-жақты кеңестері үшін өздерінің алғыстарын білдірді.




























