2021 оқу жылында мектеп оқушыларын сапалы тамақпен қамтамасыз ету мақсатында өткізілген іс-шаралар туралы АНЫҚТАМА » СШ№19 им. Алимбекулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Cыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 325-31-45
Есепші бөлімі:
+7 (702) 256-12-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021 оқу жылында мектеп оқушыларын сапалы тамақпен қамтамасыз ету мақсатында өткізілген іс-шаралар туралы АНЫҚТАМА
16
ноябрь
2021

2021 оқу жылында мектеп оқушыларын сапалы тамақпен қамтамасыз ету мақсатында өткізілген іс-шаралар туралы АНЫҚТАМА

2021 оқу жылында мектеп оқушыларын сапалы тамақпен қамтамасыз ету мақсатында өткізілген іс-шаралар туралы
АНЫҚТАМА

2021 жылдың І тоқсанында барлығы – 309 білім алушы аяқтап, тегін бір мезгіл ыстық тамақпен – 12 отбасы, ондағы – 37 білім алушы және ата-ана есебінен тамақтанатын – 269 оқушы қамтылды. Облыстық білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 12 тамыздағы №3-15-2/3162-И хатына сәйкес, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы№67 Қаулысымен бекітілген мектеп асханалары қызметінің тәртібіне қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылып отыр.Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 12 тамыздағы №598 бұйрығының 20 тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы наурыздағы №64 қаулысына сәйкес, бірыңғай ас мәзірін бекіту және оның енгізілуін қамтамасыз ету.
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың, сараптамалық топтардың қызметін белсендіру.
«Мектептік тамақтандыру» айдарына мониторинг жүргізу және іс-шаралардың орындалуы мен сапасына мән беру көзделінді.
Кестеге сай тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия өз міндеттерін атқарады:
- ас блогындағы, асханадағы жұмыстың ұйымдастырылуы;
- тамақ өнімдерінің сапасын, сақтау шарттарын;
- өнімдерді өткізу мерзімдерін;
- тамақ дайындау сапасын, ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиена ережелерін сақталуын бақылауды;
- тағамдардың және аспаздыңкиімдерінің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді;
- мәзірдің дұрыс жасалуын бақылау;
- интернет-ресурсында орналастыруды жүзеге асыруды басшылыққа алу;
Мектепте оқушының дұрыс тамақтануын насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізіліп, «Тамақтану айдары» бойынша интернет ресурстарын жүйелі, сапалы түрде ұйымдастыру көзделінді.
Қыркүйек, қазан айларында тегін бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны – 37, өзгеріс болған жоқ, сонымен қатар 1 отбасынан 2 оқушы резервтегі кестеге сай тегін бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Тамақтану сапасы жөніндегі бракераждық комиссия кестеге сай өз уақытында зерделеу жүргізіп, ұсыныстар беріліп, АКТ жасалып отырады. Мектеп медбикесі де өз тарапынан ата-аналармен, білім алушылармен іс-шаралар ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Мектеп асханасында тиым салынған заттардың сатылымда болмауы және арнайы рұқсат етілген өнімдердің ғана сатылымда болуы қадағаланады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив