10
сентябрь
2021
Тамақтану туралы



1-11 сынып білім алушыларын бір мезгіл ыстық тамақпен қамту туралы
2021 жылдың 9 қыркүйегінен бастап, мектебімізде 1-11 сынып оқушыларын бір мезгіл ыстық тамақпен қамту ұйымдастырылып, мектеп әкімшілігі тарапынан жауапты қызметкерлер арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. 2021-2022 оқу жылына мектепте бракеражды комиссия құрамы мен тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрамын бекітіп, жыл бойы өз жұмыстарын сапалы атқару жүктелінді.
Биылғы оқу жылында бір мезгіл ыстық тамақпен 37 білім алушы қамтылды, 273 білім алушылар ата-ана есебінен тамақтану ұйымдастырылуда. Мектепте арнайы бекітілген ас мәзірі бойынша дайын ас көлемінің өз деңгейінде дайындалуы басшылыққа алынып, күнделікті астың талапқа сай болуы әкімшілік тарапынан қадағалануды жүзеге асыру көзделіп отыр.