07
октябрь
2019
Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы білім беретін мектебі оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен тамақтандыру сапасына комиссия мүшелері асханадағы бір мезгіл тамақтандыруды ұйымдастыру деңгейіне бақылау жүргізді.
Мектепте білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №717 бұйрығымен бекітіліп, 2017 жылғы 22 ақпандағы №76 бұйрығымен өзгерістер енгізілген «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына сай жүргізілуде.
Тамақ өнімдерінің сапасына, тағам дайындау технологиясына, дайын өнімдердің мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыру және тексеру қорытындысы бойынша зерделеу жүргізілді. Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19ЖББМ тегін және аз қамтылған отбасынан 86 оқушы қамтылған. Жалпы мектеп бойынша 211 оқушы ата-ана есебінен ыстық тамақпен қамтылған. Асхана санитарлық нормаға сай, қазіргі заманғы талапқа сай жабдықталған, «Ас адамның арқауы» атты бұрыш жасалып, талапқа сай безендірілген.
Санитарлық қағидалардың 111-тармағында күн сайын тамақ ішетін залда мектеп басшысының бекітілген мәзірі ілінген, онда тағамдардың атауы, күнделікті астың шығымы көрсетілген. Аталған қағидалардың 116-тармағында «С» витаминімен витаминдеуді журналға енгізе отырып, «С» витаминінің тәуліктік нормасы есебінен мектеп жасындағы балалар үшін – 70 мг мөлшерінде беру көзделген.
Асхананың санитарлық жағдайы жалпы тазалығы, ыдыс-аяқтың тазалығы, жарамдылығына назар аударып, азық-түлік сақтайтын орындар, қайнату, қуыру цехтары, ыдыс-аяқ жуатын бөлмелер, азық сақталуы мерзімі талапқа сай болды.
Бекітілген ас мәзірі бойынша дайын ас көлемінің, тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс сақталуы мен дайын ас шығымыөз деңгейінде екені анықталды. Тәуліктік сынама алу мен сақталуы уақытылы қамтамасыз етілген. Оқушыларға ІІ ауысымда тамақ берілуі кестеге сай жүргізілуде.