Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат » СШ№19 им. Алимбекулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Cыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 325-31-45
Есепші бөлімі:
+7 (702) 256-12-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат
12
февраль
2019

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат


                   


     Білім алушыларды тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия есебі.
Мектепте білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2015жылғы 31желтоқсандағы № 717 бұйрығымен бекітіліп, 2017 жылғы 22 ақпандағы №76 бұйрығымен өзгерістер енгізілген «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына сай жүргізілуде.
Тамақ өнімдерінің сапасына тағам дайындау технологиясына, өнімдердің және дайын тағамдардың сақталу мерзіміне, асхананың талапқа сай жұмыс жүргізілуіне, сонымен қатар мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыру және тексеру қорытындысы бойынша зерделеу жүргізілді.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 ЖББМ тегін және аз қамтылған отбасынан -23 оқушы қамтылған. Асхана санитарлық нормаға сай, қазіргі заманғы талапқа сай жабдықталған, «Ас адамның арқауы» атты бұрыш жасалып, талапқа сай безендірілген.
Санитарлық қағидалардың 111-тармағында күн сайын тамақ ішетін залда мектеп басшысының бекітілген мәзірі ілінген, онда тағамдардың атауы, күнделікті астың шығымы көрсетілген.Аталған қағидалардың 116-тармағында «С» витаминімен витаминдеуді журналға енгізе отырып, «С» витаминінің тәуліктік нормасы есебінен мектеп жасындағы балалар үшін -70мг мөлшерінде беріледі.
Асхананың санитарлық жағдайы жалпы тазалығы, ыдыс-аяқтың тазалығы, жарамдылығына назар аударып, азық-түлік сақтайтын орындар, қайнату, қуыру цехтары, ыдыс-аяқ жуатын бөлмелер, азық-түліктің сақталуы мен мерзімі талапқа сай болды.
Бекітілген ас мәзірі бойынша дайын ас көлемінің, тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс сақталуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде екені анықталды. Тәуліктік сынаманы алу мен сақталуы қамтамасыз етілген. Оқушыларға II ауысымда тамақ берілуі кестеге және уақытқа сай жүргізіледі.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив