20
сентябрь
2021
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі








Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 қаулысы бойынша 2021-2022 оқу жылында Білім беру ұйымдарында короновирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық эпидемияға қарсы және санитариялықпрофилактикалық іс-шараларды жүргізу туралыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы №444 бұйрығына қосымша.
Короновирустық инфекцияның таралуына жол берілмеуіне байланысты шектеу шаралары кезегінде орта білім беру ұйымдарында дәстүрлі /штаттық/ 2021-2022 оқу жылындағы процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа ала отырып, асхана жұмысы ұйымдастырылды. Асханадағы ауа рециркуляторларының қондырғыларын қамтамасыз ете отырып, тамақтануды ұйымдастыруды басшылыққа алуды күшейту көзделді. Білім беру ұйымдарында ауыз су режимін сақтау қамтамасыз етіледі. Ауыз су, оның ішінде: ыдыстарға /графиндерге, шағын бактарға/ құйылған немесе бөтелкеге құйылған су қауіпсіздік көрсеткіші бойынша нормалау құжаттарын талаптарына сәйкес келуін қадағалау қажет. Жеке ыдысты пайдалануды рұқсат етеді. Ішу үшін таза ыдыс қолданылады. Қайнатылған ауыз суды 3 сағаттан аспайтын уақыт сақталған жағдайда пайдалануға жол берілмейтіндігін ескеріп, әр сынып білім алушыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін мектеп басшысының бұйрығымен жауапты адам тағайындалды, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мектеп аясында болған барлық уақыт ішінде ауыз суға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету көзделінді.