02
май
2024
«Кәмелетке толмағандар арасында әлімжеттік көрсету, бопсалаудың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмысы өткізілді.
Ағымдағы жылдың 2 мамыр күні мектептің 8-11 сыныптары аралығындағы ұл балалар арасында құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында «Кәмелетке толмағандар арасында әлімжеттік көрсету, бопсалаудың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмысы өткізілді. Түсіндірме жұмысын мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Исмаилов жүргізді. Жұмыс барысында қауіпсіз және жайлы оқу ортасын құру, кәмелетке толмағандардың заңға бағынушылық мінез-құлқын қалыптастыру және мектеп оқушыларының өзара арасында әлімжеттік көрсету, бопсалау және т.б. құқық бұзушылықтық сипаттағы қоғамға қарсы іс-әрекеттері фактілерінің, сонымен қатар кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық тиіспеушіліктің, зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында кеңінен ақпараттар беріліп, кеңестер айтылды.


