23
октябрь
2023
"Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу" тақырыбында ақпараттық түсіндіру бағытында Меркі АПБ-нің қызметкерлерімен кездесу жиыны өткізілді.
Жасөпірімдер арасында таралған қылмыстардың алдын алу және мектеп білім алушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ағымдағы 2023 жылдың 23 қазан күні Сыпатай Әлібекұлы атындағы № 19 жалпы орта білім беретін мектебінің білім алушылары арасында "Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу" тақырыбында ақпараттық түсіндіру бағытында Меркі АПБ-нің қызметкерлерімен кездесу жиыны өткізілді. Білім алушылармен кездесу жиынына Меркі АПБ ЖПҚб УПИ полиция капитаны А.Ақылжанов, Меркі АПБ Көші-қон полициясы тобының аға инспекторы полиция майоры Е.Давлетбаев, Меркі АПБ ЖПҚб ювеналдық полиция тобының инспекторы Е.Оспанбеков және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Исмаилов қатысты. Іс-шара барысында елімізде кәмелетке толмағандар арасында жиі орын алатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жайында айтылып, ондай заңға қайшы әрекеттер үшін жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершіліктері туралы кеңінен ақпараттар берілді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың себептеріне сипаттама беріліп, әрбір жасөспірімнің жастайынан құқықтық сауаттылығын арттыру маңызды екені туралы айтылды.


