19
декабрь
2023
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында дәріс жүргізілді.
Ағымдағы 2023 жылдың 19-23 желтоқсан күндері аралығында Меркі АПБ-нің жұмыс жоспарына сәйкес Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде «Қаңғыбас» атты аудандық кешенді алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, қараусыз-қадағалаусыздық пен панасыздықтың профилактикасы, олардың үйден, тұрғылықты мекен-жайдан тыс жерде, ойын-сауық орындарында жүруінің алдын алу, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу.
19 желтоқсан күні 8-11 сыныптарының білім алушылары арасында
«Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында дәріс жүргізілді. Дәрісті мектеп директоры С.Сеитова мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Исмаилов өткізді.