«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. » СШ№19 им. Алимбекулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Cыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 325-31-45
Есепші бөлімі:
+7 (702) 256-12-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.
16
январь
2024

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.

Сыпатай Әлібекұлы атындағы  №19 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 16 қаңтар күні Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен  8-11 сыныптарының  білім алушылары  арасында «Кәмелетке толмағандар  арасындағы құқық бұзушылықтардың  алдын  алу» тақырыбында  кездесу өтті.
    Іс-шараның мақсаты: Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалар қауіпсіздігіне арналған ережелермен таныстыру. 
    Кездесуге Меркі ауданы полиция бөлімінің  КПБ-нің аға уәкілі Е.Байтаков пен Меркі АПБ ЖПҚб ювеналдық полиция тобының инспекторы Е.Оспанбеков қатысты. Кездесу барысында полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға тоқталып, кеңінен ақпараттар беріп өтті. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық тиіспеушіліктің, зорлық-зомбылықтың  алдын алу бағытында,  балалар  қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша  ережелермен таныстырып, кеңестер берді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив