29
май
2025
2025 жылдың 29 мамыр күні мектеп бітіруші 11-сыныптың ата-аналарымен «Бала қауіпсіздігі – басты назарда» тақырыбында жиналыс өткізілді.
2025 жылдың 29 мамыр күні мектеп бітіруші 11-сыныптың ата-аналарымен «Бала қауіпсіздігі – басты назарда» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналысқа 11 сыныптың ата-аналары, мектеп әкімшілігі, Сұрат ауылдық округінің әкімі Ғ.Абақ және Сұрат ауылының биі Н.Базилов қатысты. Жиналыс барысында ата-аналарға бала қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Жиналыста алғашқы сөз кезегін алған мектеп директоры С.Сеитова кәмелеттік жасқа толмаған жас ұрпақтың қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі әрбір ересек адамдардың назарында болу қажеттігі бүгінгі таңда маңызды мәселе болып табылатындығын, әсіресе бұл мәселеге ең алдымен ата-ананың тарапынан жауапкершілікпен қарау керектігін айтып өтті. 2024-2025оқу жылында мектепті бітіріп жатқан 13 оқушымыз бар. Мектеп бітіруші сыныптың оқушылары мемлекеттік емтихандарын тапсырып болған соң аттестаттарын алады. Қолдарына аттестаттарын алған соң олардың мектеп бітіруіне орай сыныптастарымен бас қосып, атап өткілері келетіндігі белгілі. Ал сондай бас қосудың арты кейде қайғылы жағдайларға алып барып соғатын кездері де болып жататындығы баршаға аян. Сондықтан ондай оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында мектеп пен ата-аналар бірлесе отырып, балаларды бақылауда ұстауымыз керек. Мектептен тыс уақытта ата-ананың тарапынын бала тәрбиесіне, оның қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау әрбір ата-ананың міндеті болып табылады. Әрбір ата-ана баласының қауіпсіздігіне жауапты қарап, түнгі мезгілде балалардың ата-анасыз немесе заңды өкілінсіз 23.00-ден кейін көшеде, қоғамдық орындарда жүрмеуін, сонымен қатар тауға, ойын-сауық орындарына бармауын бақылауға алуы керектігі ескертілді. Әсіресе соңғы кездері мектеп бітіруші жасөспірімдердің арасында өкінішке орай, кең етек алып бара жатқан автокөліктермен кортежге шығуына жол бермеу керектігі айтылды.