24
май
2025
"Мектебім, саған мың алғыс!" тақырыбындағы салтанатты мектеп бітіру іс-шарасы
2024-2025 оқу жылының аяқталуына орай "Мектебім, саған мың алғыс!" тақырыбындағы салтанатты мектеп бітіру іс-шарасы ағымдағы жылдың 24 мамыр күні сағат 9.00-де өткізілді. Салтанатты іс-шарасының құрметті қонақтары ретінде Меркі аудандық білім бөлімінің әдіскері З.М.Досмұханбетова, Сұрат ауылдық округінің әкімі Ғ.С.Абақ, мектебіміздің демеушісі "Сыпатай батыр" ЖШС-нің директоры Қ.К.Шайхиев, ардагер ұстаз Д.К.Камелова қатысты. Алғашқы сөз кезегін алып, салтанатты жиынды ашқан мектеп директоры С.К.Сеитова мектеп бітіруші түлектерге өмірдегі орындарын сәтті тауып, еліміздің елеулі азаматтары болуына тілектестігін білдірді. Мектеп білім алушылары тарапынан орындалған ән-билері іс-шараға қосымша нәр беріп, маңызын арттыра түсті.





















