01
сентябрь
2024
"Мектебім - мейірім мекені! " тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде 1 қыркүйек - Білім күніне орай "Мектебім - мейірім мекені! " тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру. Іс-шараға білім ордасының білім алушы оқушылары мен ұстаздар қауымы, ата-аналар және қонақтар қатысты. Кезекті жаңа 2024-2025 оқу жылының басталуымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірген Меркі ауданының білім бөлімінің әдіскері Сатыбалдиева Асель Жангирхановна, мектепішілік қамқоршылық кеңесінің төрағасы Жәрдембаев Алмас, ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрайымы Алтынбаева Айгүл Көктеубайқызы және мектеп директоры Сеитова Сандуғаш Қапсаланқызы білім ошағының педагогикалық ұжымы мен білім алушыларына жаңа оқу жылында табыс тіледі. Білім ошағының білім алушылары тарапынан Білім күніне арналған тартулары салтанатты жиынның мәнін ашып, жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады.






















