19
апрель
2024
«Зиянды заттарды (энергетикалық сусындар, есірткі түрлері және т.с.с.) пайдаланудың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді.
Меркі ауданының білім бөлімінің 05.04.2024 ж. №665 хаты негізінде отбасы құндылықтарын сақтай отырып, бала тәрбиесін дұрыс жолға қою, саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру, ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында және «Қауіпсіздік сағаты» жобасы аясында өтетін мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысының кестесіне сәйкес Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 19 сәуір күні «Зиянды заттарды (энергетикалық сусындар, есірткі түрлері және т.с.с.) пайдаланудың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараға мектепішілік жалпы ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрайымы А.К.Алтынбаева, дәрігер А.Ахметова, ата-аналар және мектеп әкімшілігінен Т.Ш.Исмаилов пен Г.Б.Садирмекова қатысты. «Энергетикалық сусындар, есірткі түрлері және олардың адам ағзасына зияндығы» атты ақпараттық бейнеролик көрсетілімімен бастау алған дөңгелек үстел барысында кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылық, буллинг және кибербуллинг , есірткіге тәуелділік, жыныстық қолсұғушылыққа жол бермеу, салауатты өмір салтын насихаттау бағытында кеңінен ақпараттар ұсынылып, кеңестер берілді. Жас ұрпаққа дұрыс тәрбие беру бойынша пікірлер айтылды.






