15
апрель
2024
"Ел ертеңі - есірткісіз болашақ" тақырыбында тренинг өткізді.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдын 15 сәуір күні оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу көктемгі айлығының іс-шаралары жоспары аясында мектеп психологы А.Бектурганова 9-10 сынып білім алушыларымен "Ел ертеңі - есірткісіз болашақ" тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг барысында заманауи синтетикалық есірткілерді қолданудың адам ағзасына зияндығы және қауіптілігі мен салдары туралы ақпараттар берілді. Синтетикалық есірткі-бұл жасанды түрде алынған психоактивті заттар, ол оны бір қолданғанның өзінде адамның оған деген тәуелділігін тудыратын есірткі заты болып табылады. Адамның физикалық және психикалық денсаулығына өте қауіптілігі туралы айтылды.
