10
октябрь
2023
Оқушыларының психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу күзгі айлығы ұйымдастырылып өтуде.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің 10.10.2023 жылғы N1399 хаты негізінде ағымдағы жылдың қазан айының 10-ы мен қараша айының 10-ы аралығында Сыпатай Әлібекұлы атындағы N19 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп оқушыларының психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу күзгі айлығы ұйымдастырылып өтуде. Аталған айлық бойынша жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес 11 қазан күні "Есірткісіз болашақ" тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында есірткінің түрлері оның адам ағзасына зияндығы, заң алдындағы жауапкершілігі жайында кеңінен мағлұматтар берілді. Іс-шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Исмаилов, мектеп психологы А.Бектурганова және әлеуметтік педагог Б.Чотбаева ұйымдастырды.




