17
октябрь
2023
"Жастар есірткіге қарсы!" атты акциясы өткізілді.
Қазан айының 10-ы мен қараша айының 10-ы аралығында өткізіліп жатқан мектеп оқушыларының психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу күзгі айлығы аясында атқарылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылдың 17 қазан күні мектептің өзін-өзі басқару парламентінің ұйымдастыруымен "Жастар есірткіге қарсы!" атты акциясы өткізілді. Акция барысында мектептің білім алушылары есірткінің жастар болашағы үшін орны толмас зияндығы туралы ақпараттар беріп, нашақорлықпен бірлесе күресуге шақырды. Салауатты өмір салты насихатталды.
