11
апрель
2024
"Нашақорлық - қоғамдық дерт" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің 02.04.2024 жылғы №618 хаты негізінде мектепте ағымдағы жылдың сәуір айының 2 - 30 аралығында оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу көктемгі айлығы ұйымдастырылып өтуде. Аталған айлық бойынша жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспары аясында 10-12 сәуір күндері 6-11 сыныптарының арасында "Нашақорлық - қоғамдық дерт" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Іс-шара барысында есірткінің адам ағзасына тигізетін зияндығы, заң алдындағы жауапкершілігі жайында кеңінен мағлұматтар беріліп, салауатты өмір салты насихатталды.








