03
январь
2024
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында "Үнемі оқитын адам - табысты адам" атты оқырмандармен кездесу.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың қысқы демалысын және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, әрі тұлғалық дамуына ықпал ету мақсатында жүзеге асырылатын мектепішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес қаңтар айының 3-і күні мектеп кітапханасында "Балалар кітапханасы" жобасы аясында "Үнемі оқитын адам - табысты адам" атты оқырмандармен кездесу ұйымдастырылып, бастауыш сыныптарының оқырмандары арасында "Әжеммен оқыған ертегі" тақырыбында әңгіме сағаты өткізілді. Мақсаты - жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, адами және рухани құндылықтарын дамыту, еліміздің білімді, табысты, Отаншыл ұрпағын тәрбиелеу.
