18
октябрь
2022
"Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт" жобасы

Кітап-адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін-тәрбие құралы. Абай атамыз, "Танымның бар тамашасы-кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа". Кітап оқу баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен қатар ой-өрісін кеңейтіп, білімін арттырады. Осы мақсатта 18.10.2022жылы Сыпатай Әлібекұлы атындағы N19 ЖОББМ кітапханасында "Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт" жобасы аясында мектеп оқушылары және ұстаздар арасында "Кітап оқуға құмарлық" атты дөңгелек үстел аясында жүргізілді. Дөңгелек үстел барысында оқушылар және ұстаздар өздерінің бос уақыттарын тиімді іспен, кітап оқумен өткізгендіктері туралы әңгімеледі. Кейбірі әңгіме кітаптарын оқыса, енді бірі әлем халықтарының ертегілері мен әңгімелер жинағын оқығандығы туралы жарыса әңгімеледі. Балалар және ұстаздар оқыған әңгімелерінің не туралы екендігін ортаға салып, ой бөлісті. Соның ішінде, мектеп директоры өз тарапынан Сайын Мұратбековтың "Жабайы алма" әңгімесін қызығып оқығандығы туралы ортаға салып әңгімелеп айтып берді. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Умаркулова Айнұр әпки В. Распутин "Прощание с Матёрой" әңгімесін орысша және қазақ тіліне аударып әңгімелеп берді. Оқырмандар өз ойларын білдіріп, қызығушылықтарын танытты. Сонымен қатар барлық оқырмандар өздеріне керегін алып, кітап оқудың мол пайдасы бар екендігі туралы айтып өтті.
