"Мектеп қатыгездік пен зорлық-зомбылықтан аулақ аумақ" тақырыбында дөңгелек үстел іс-шара
Ағымдағы 2022 жылдың 11 ақпан күні мектеп кітапханасының залында мектеп директоры С.К.Сеитова, Меркі АПБ ЖПҚБ ювеналдық полиция тобының инспекторы полиция капитаны Р.Мырзабаев, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Ш.Исмаилов, мектеп психологы А.Бектурганова және мектеп ұстаздарының қатысуымен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында "Мектеп қатыгездік пен зорлық-зомбылықтан аулақ аумақ" тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасы өткізілді. Дөңгелек үстел барысында балаларға қатысты қоғамдағы зорлық-зомбылықтың өзекті мәселелері талқыланып, ондай келеңсіз жағдайлармен күрес жүргізуде білім ошағының маңызының жоғары болып табылатындығы айтылды.