02
сентябрь
2021
1 қыркүйек -Білім күні
Сыпатай Әлібекұлы атындағы #19 жалпы орта білім беретін мектебінде 1 қыркүйек - Білім күні мерекесіне орай салтанатты іс-шаралар өткізілді. Мектеп ауласында 1 сыныптарының оқушылары үшін "Кел, балалар оқылық!" тақырыбында "Әліппе" оқулығының салтанатты түрде тапсырылуына байланысты жиын ұйымдастырылды.Салтанатты жиын барысында жиын қонақтары - Меркі ауданы білім бөлімінің әдіскері М.Қасымова, Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы А.І.Қасабеков және мектеп директоры С.Қ.Сеитова білімнің данасы - Әліппе оқулығын 1 сынып бүлдіршіндеріне салтанатты түрде табыстай отырып, білім жолында табыс тіледі.Ал, бүлдіршіндер болса өздерінің өнерлерін ортаға салып, жалықпай білім алуға даярлықтарын көрсетті. 2-11 сыныптарында ҚР-сының тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздік жетістіктері" т
ақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

