11
октябрь
2024
"Бала өмірінің қауіпсіздігі - басты назарда" тақырыбында жиналысы өткізілді.
Ағымдағы жылдың 11 қазан күні Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде 8 сынып білім алушыларының ата-аналары арасында "Бала өмірінің қауіпсіздігі - басты назарда" тақырыбында жиналысы өткізілді. Іс-шара пікір алмасу форматында өтіп, мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшісі тарапынан балалардың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ата-аналардың рөлі мен міндеттері туралы түсіндірмелік бағытта мағлұматтар берілді. Жұмыс барысында балалардың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ата-аналардың немесе заңды тұлғалардың жауапкершілігі туралы және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №591 «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңының талаптарына сәйкес ақпараттармен таныстырылды. Білім алушылардың мектепте өткізген уақытындағы қауіпсіздіктеріне мектеп ұжымы толығымен жауапты болатын болса, ал мектептен тыс жердегі уақытта бала тәртібі бен өмір қауіпсіздігіне ата-ананың жауапкершілікпен қарап, сыныптастарымен топтасып отырыс ұйымдастырмауға, тауға саяхатқа шықпауға, мейрамхана, кафелерге бармауға, қаражат жинамауға, жолда жүру және жалпы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, кешкі мезгілде ата-анасыз немесе оған теңестірілген заңды тұлғасыз түнгі сағат 22.00-ден кейін үйден шығармауға, балалардың тойханаларда жұмыс істемеуіне және түрлі теріс іс-әрекеттерге бармауына жауапкершілікпен қарап, бала тәрбиесіне ерекше көңіл аударуы керектігі айтылды. Мектеп пен ата-ананың байланысын нығайту, бірлесіп әрекет ету бала тәрбиесі мен бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратындығы туралы ашық пікір алмасу жүзеге асырылды.

#Біртұтас_тәрбие
#Жамбылоблысы
#Меркіауданы


#Жамбылоблысы
#Меркіауданы