26
сентябрь
2024
"Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Ағымдағы жылдың 26 қыркүйек күні балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс мектеп пен ата-аналар қауымының ашық пікір алмасу форматында жүзеге асырылып, балалардың өміріндегі, сондай-ақ онлайн кеңістіктегі қауіпсіздіктері туралы сөз қозғалған іс-шара болды. Ата-аналарға қауіп-қатерлерді дер кезінде қалай анықтау анықтау және оларды болдырмау үшін қандай шаралар қолдану керектігі туралы қадамдық ұсынымдар берілді. Баланың мінез-құлқын, әлеуметтік желілердегі белсенділігін, мектеп ортасындағы құрдастарымен қарым-қатынасын, цифрлық құрылғыларды бақылау және баламен қауіпсіздік тақырыбында әңгімелесу - бұлар проблемалардың алдын алуға көмектесетін негізгі қадамдар екендігі туралы айтылды. Бала қауіпсіздігі ата-ана, педагог, әрбір ересек адам үшін маңызды мәселе болуы тиіс. Бала біздің болашағымыз, олардың саламаттылығын сақтау тікелей бізге байланысты.


#Біртұтас_тәрбие
#Жамбылоблысы
#Меркіауданы



#Жамбылоблысы
#Меркіауданы