11
сентябрь
2024
"Жол ережесінің қауіпсіздігі" атты онкүндік іс-шаралары жоспары
2024 жылдың 2-13 қыркүйек күндері аралығында өткізіліп жатқан мектеп оқушыларының жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол көлік оқыс оқиғаларының алдын алу мақсатында өтіп жатқан "Жол ережесінің қауіпсіздігі" атты онкүндік іс-шаралары жоспарына сәйкес 11 қыркүйек күні Г.Жакупбекова мен А.Байсейтованың ұйыдастыруымен білім алушылар арасында "Жас жолаушы және жолда жүру ережесі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында жол қозғалысының қауіпсіздігі әр адамның жолда жүру ережесін сақтауына байланысты екені айтылып, жол қозғалысы мәдениетінің маңыздылығы бойынша пікірлер айтылды.
