06
сентябрь
2024
«Құқықтық тәртіп», «Абайлаңыз, балалар!» науқаны аясында ұйымдастырылып, жүзеге асырылды.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында 2024 жылдың 6 қыркүйек күні Меркі АПБ ЖПҚб ювеналдық полиция тобының инспекторы Е.Оспанбеков, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Исмаилов және АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушысы Қ.Тургумбаев 8-11 сыныптарының білім алушылары арасында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шара «Құқықтық тәртіп», «Абайлаңыз, балалар!» науқаны аясында ұйымдастырылып, жүзеге асырылды. Іс-шараның мақсаты: Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалар қауіпсіздігіне арналған ережелермен таныстыру.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға тоқталып, кеңінен ақпараттар беріп өтті. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық тиіспеушіліктің, зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ережелермен таныстырып, кеңестер берілді.