19
ноябрь
2024
"Бала қауіпсіздігі – басты назарда " тақырыбында ата-аналар форумы өткізілді.
Ағымдағы жылдың 19 қараша күні Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен тәрбие беру бағытында ата-ана мен білім ордасының арасындағы байланысты нығайтудың маңыздылығы бойынша "Бала қауіпсіздігі – басты назарда " тақырыбында ата-аналар форумы өткізілді. Форум мектеп пен ата-аналар қауымының ашық пікір алмасу форматында жүзеге асырылып, балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесі туралы сөз қозғалған іс-шара болды. Форумның күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша мектеп директоры С.Қ.Сеитова «Бала қауіпсіздігі – басты назарда» тақырыбында баяндама жасап, аымдағы оқу жылы барысында бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен тәрбие беру бағытында білім ошағы тарапынан жүзеге асырылып жатқан жұмыстар бойынша ақпараттар берді. Меркі АПБ ЖПҚб ювеналдық полиция тобының инспекторы Е.Оспанбеков, Меркі АПБ ЖПҚб УПИ полиция капитаны А.Ақылжанов «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмаудағы профилактикалық жұмыстар маңыздылығы» тақырыбындағы баяндамасы арқылы ауданымыздағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтықтың ахуалы мен атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстармен таныстырып өтті. Мектеп психолгы А.Бектурганова форумға жиналған қауым арасында «Бала қауіпсіздігі баршаға ортақ» атты тренингін жүргізді. Мектепішілік қамқоршылық кеңесінің төрағасы А.Жәрдембаев бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жас ұрпаққа тәрбие беру үрдісіндегі ата-ананың алатын орнының үлкен рөл атқаратыны жайында ой қозғап, барлық ата-аналарды жауапкершілікпен қарауға шақырды. Іс-шара барысында сонымен қатар ата-аналарға қауіп-қатерлерді дер кезінде қалай анықтау анықтау және оларды болдырмау үшін қандай шаралар қолдану керектігі туралы қадамдық ұсынымдар берілді. Бала қауіпсіздігі ата-ана, педагог, әрбір ересек адам үшін маңызды мәселе болуы тиіс.






















