15
апрель
2025
"Жасөспірім" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы
Заң және тәртіп қағидасын іске асыру бағытында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 13 сәуір - 6 мамыр аралығында өткізіліп жатқан "Жасөспірім" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы асында 15 сәуір күні Меркі АПБ ЖПҚб ювеналдық полиция тобының инспекторы А.Маңызқызымен бірлесе мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Исмаилов, мектеп психологы А.Бектурганова тарапынан білім ошағы орналасқан Сұрат ауылындағы сауда дүкендерінің иелерімен кәмелетке толмаған жасөспірімдердің денсаулығына, ағзасына теріс әсер ететін құрамында никотині бар тауарларды (темекі) сатуға болмайтыны және сонымен қатар жасы 21 жасқа толмағандарға алкогольді ішімдіктерін сатуға қатаң түрде тыйым салынғаны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

