05
март
2025
«Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың және жол қауіпсіздігінің алдын алу»
Ағымдағы 2025 жылдың 5 наурыз күні мектептің білім алушылары арасында Меркі АПБ ӘПБ бөлімінің бастығы Б.Байтемиров, Меркі АПБ ЖПҚб ювеналдық полиция тобының инспекторы А.Маңызқызы, Меркі АПБ ЖПҚб УПИ полиция капитаны А.Ақылжанов және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Исмаилов «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың және жол қауіпсіздігінің алдын алу» тақырыбында құқықтық дәрісін өткізді. Іс-шараның мақсаты: Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру, құқықбұзушылықтардың алдын алу, балалар қауіпсіздігіне қатысты ақпараттар беру.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға тоқталып, олардың себептері мен профилактикалық алдын алу бойынша кеңінен ақпараттар беріп өтті. Сонымен қатар балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ережелермен таныстырып, кеңестер берілді. Іс-шараға жоғары сыныптардан 68 оқушы қамтылды.