17
сентябрь
2024
«Кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылық пен әлімжеттіктің алдын алу» тақырыбында құқықтық дәріс сағатын өткізді.
Ағымдағы 2024 жылдың 17 қыркүйек күні Меркі АПБ ЖПҚб УПИ полиция капитаны А.Ақылжанов, Меркі АПБ ЖПҚб ювеналдық полиция тобының инспекторы Е.Оспанбеков, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Ш.Исмаилов, АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушысы Қ.Ш.Тургумбаев білім ордасының 8-11 сыныптарының ұл балалары арасында құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында «Кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылық пен әлімжеттіктің алдын алу» тақырыбында құқықтық дәріс сағатын өткізді. Жұмыс барысында балалардың қауіпсіздігінің ең маңызды мәселе болып табылатындығы туралы айтылып, заңдарға сүйенген нұсқаулықтар мен кеңестер берілді. Білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.


