13
февраль
2024
"Сәлемдесу - тәрбиенің бастауы" атты айлық акциясы.
"Сәлемдесу - тәрбиенің бастауы" атты айлық акциясының іс-шараларының жоспары аясында ағымдағы жылдың 13-15 ақпан күндері аралығында 5-8 сыныптарының білім алушылары арасында "Сәлемдесу - тәрбиенің бастауы" тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Мақсаты - жас ұрпаққа әдептілік белгісі сәлемдесуден басталатынын түсіндіру, сыйластық, кішіпейілділік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу қасиеттеріне баулу. Байқау қорытындысы бойынша үздік жазылған эссе авторлары мақтау қағаздарымен марапатталды. Іс-шараны ұйымдастырып, өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Байсейтова.
