02
февраль
2024
"Сәлемдесу - тәрбиенің бастауы" атты айлығы.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде өткізіліп жатқан "Сәлемдесу - тәрбиенің бастауы" атты айлық акциясының іс-шаралары жоспары аясында ағымдағы жылдың 2-5 ақпан күндері 1-5 сыныптары арасында "Сәлемдесу - ізеттілік белгісі" тақырыбында ашық сынып сағаттары өткізілді. Іс-шара барысында бейнеролик көрсетіліп, ситуациялық сұрақтар қойылып, білім алушылар амандасу, сәлемдесу жайында мақал-мәтелдер айтылды. Мақсаты - жас ұрпаққа әдептілік белгісі сәлемдесуден басталатынын түсіндіру, сыйластық, кішіпейілділік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу қасиеттеріне баулу.








