30
январь
2024
"Сәлемдесу - тәрбиенің бастауы" атты айлық акциясының іс-шаралары
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде жүзеге асырылып жатқан "Сәлемдесу - тәрбиенің бастауы" атты айлық акциясының іс-шаралары жоспарына сай 2024 жылдың 30 қаңтар күні 8-сынып білім алушыларымен "Сәлемдесу мәдениеті" тақырыбында викториналық сұрақтар бойынша таным сағаты өткізілді. Іс-шара барысында бейнеролик көрсетіліп, ситуациялық сұрақтар қойылып, білім алушылар амандасу, сәлемдесу жайында мақал-мәтелдер айтылды. Іс-шараны ұйымдастырып, өткізгендер 8 "А" және 8"Ә" сыныптарының жетекшілері А.Даулеткелдиева мен А.Бектұрғанова.
