«Аталар мектебі» қауымдастығының жұмыс жоспарына сай «Ата кәсіп – берекенің бастауы» тақырыбында іс-шара өткізілді. » СШ№19 им. Алимбекулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Cыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 325-31-45
Есепші бөлімі:
+7 (702) 256-12-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Аталар мектебі» қауымдастығының жұмыс жоспарына сай «Ата кәсіп – берекенің бастауы» тақырыбында іс-шара өткізілді.
04
декабрь
2023

«Аталар мектебі» қауымдастығының жұмыс жоспарына сай «Ата кәсіп – берекенің бастауы» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Өскелең жас ұрпақты тәрбиелеудің өзекті мәселелерін шешу үшін аға буынның тәжірибесін,  халықтың ұлттық құндылықтыры мен педагогикалық дәстүрлерін табысты пайдалану  және ата-аналардың позитивті мәдениетін қалыптастыру  мақсатында  жұмыс жасайтын «Даналық мектебі» клубының «Аталар мектебі» қауымдастығының жұмыс жоспарына сай «Ата кәсіп – берекенің бастауы» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараға Сұрат ауылының  ақсақалдар кеңесінің төрағасы Адамбаев Есенбек, ауылымыздың ардақты ақсақалдары  Жұматаев Еңсебек, Ақшабаев Рысқұл сынды аталар қатысып, мектебіміздің ұл балалары арасында жүзеге асырылды.  Жұмыс барысында қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, қонақтар жас ұрпаққа қазақ халқының көнеден келе жатқан  ағаш ою, былғары қайыстарынан ат әбзелдерін дайындау  қолөнерінің үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға, әсемдікті тани білуге баулыды. Эстетикалық ой өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу бағытында құнды ойларымен бөлісті. Ел арасында сиреп бара жатқан қолөнер шеберлерінің туындыларын, көне мұраларын тауып, оны түрлендіріп жаңғырту және ұлттық қолөнер арқылы эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құрамына айналдыру біздердің парызымыз. Іс-шараны «Отбасы – орта мектеп» жобасының жетекшісі Г.Наркулова мен технология пәнінің мұғалімі Қ.Сатымбаев ұйымдастырып өткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив