04
январь
2024
"Даналық мектебі" клубының "Жеңгелер мектебі" қауымдастығының ұйымдастыруымен білім ошағының қыз балалары арасында "Қыздар білуге тиіс..." тақырыбында дәріс өткізілді.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың қысқы демалысын және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, әрі тұлғалық дамуына ықпал ету мақсатында жүзеге асырылатын мектепішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылдың қаңтар айының 4-і күні мектепішілік "Даналық мектебі" клубының "Жеңгелер мектебі" қауымдастығының ұйымдастыруымен білім ошағының қыз балалары арасында "Қыздар білуге тиіс..." тақырыбында дәріс өткізілді. Мақсаты - қыз балалар бойына қазақ қызына тән қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, ақылдылық, адамгершілік қасиеттерін сіңіру. Қыз бала алдындағы қоғамның, елдің, ұлттың болашағы үшін үлкен жауапкершілік тұрғандығын ұғындыру. Үлкенді сыйлайтын, кішіге қамқор болатын, білімді, білікті тұлға қалыптастыру, сондай-ақ қыз балаларды үй шаруашылығына қатысты өмірлік қажеттіліктерді үйрете отырып, икемдеу.
