05
январь
2024
Мектептің білім алушылары арасында волейболдан жарыс өткізілді.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың қысқы демалысын және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, әрі тұлғалық дамуына ықпал ету мақсатында жүзеге асырылатын мектепішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес қаңтар айының 5-і күні мектептің білім алушылары арасында волейболдан жарыс өткізілді. Мақсаты - жас ұрпақты спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау. Жарыс соңында жеңімпаз командалар мен белсенділік көрсеткен ойыншылар мақтау қағаздарымен марапатталды.


