04
январь
2024
"Ұлттық ойындар - бабаларымыздан қалған асыл қазына" тақырыбында тоғызқұмалақ, бес асық және бес табан атты ұлттық асық ойындарынан оқушылар мен ата-аналар арасында жарыс ойындары өткізілді.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың қысқы демалысын және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, әрі тұлғалық дамуына ықпал ету мақсатында жүзеге асырылатын мектепішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес қаңтар айының 4-і күні "Ұлттық ойындар - бабаларымыздан қалған асыл қазына" тақырыбында тоғызқұмалақ, бес асық және бес табан атты ұлттық асық ойындарынан оқушылар мен ата-аналар арасында жарыс ойындары өткізілді. Мақсаты - ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын насихаттау. Жарыс соңында жеңімпаздар мен белсенділік көрсеткен қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.






