17
ноябрь
2023
"Бес асық", "Бестабан" ойындарынан "Алтын сақа" атты республикалық челлендж ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің бастамасымен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 15.11.2023 жылғы N6901 хаты негізінде ағымдағы 2023 жылдың 17 қараша күні сағат 12.00-де "Бес асық", "Бестабан" ойындарынан "Алтын сақа" атты республикалық челлендж ұйымдастырылды. Мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің, мұғалімдер мен ата-аналардың бірлігін нығайту, ұлттық мәдени мұраның озық үлгілерінің бірі болып табылатын ұлттық ойындарды өткізуді дәстүрге енгізу және ұлттық ойындарды насихаттап, білім алушылардың рухани адамгершілік мәдениетін қалыптастырып, патриоттық рухқа тәрбиелеу.






