

01.11.2022 жылы Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде күзгі каникул кезінде ұйымдастырылған жоспарға сәйкес "Алтын сақа", "Бесасық" үйірме жетекшілері Ы. Ардабеков, С. Шортанбеков 8-9-сынып оқушылары арасында "Ұлттық асық ойыны" жарысын өткізді. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды.