23
январь
2024
«Сәлемдесу – тәрбиенің бастауы» атты айлық акциясының ашылуына байланысты хабарлау іс-шарасы ұйымдастырылды.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің 22.01.2024 жылғы №106 хатын негізге ала отырып, мектепте ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні «Сәлемдесу – тәрбиенің бастауы» атты айлық акциясының ашылуына байланысты хабарлау іс-шарасы ұйымдастырылды. Айлық акциясының іс-шаралары 23 қаңтардан 23 ақпан аралығында өткізіледі. Акцияның мақсаты: Жас ұрпаққа әдептілік белгісі сәлемдесуден басталатынын түсіндіру, сәлемде де сұлу сыр бар екенін түсіндіру. Ізеттілік ережесі туралы түсініктерін дамыту арқылы балаларды сәлемдесу мәдениетіне, адамгершілікке, әдептілікке, мәдениеттілікке, кішіпейілділікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Іс-шара барысында өткізілетін айлық акциясының мақсаты мен міндеттері, жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспары туралы ақпараттар берілді. Акцияның ашылуын хабарлау іс-шарасын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Ш.Исмаилов пен «Жас Ұлан» ұйымының тәлімгері А.Абаева
өткізді.


өткізді.


