09
октябрь
2023
"Тарихқа тағзым" тақырыбында викториналық сайыс өткізілді.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы N19 жалпы орта білім беретін мектебінде "Төрт тоқсан - төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының іс-шаралары жоспарына сәйкес 2023 жылдың 9 қазан күні "Тарихқа тағзым" тақырыбында викториналық сайыс өткізілді. Мақсаты - оқушылардың патриоттық сезімін ояту, Отанға, елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Іс-шара барысында білім алушылар ел тарихының өткеніне көз жүгіртіп, Қазақстан тарихы мен танымал тұлғалар туралы білімдерін ортаға салды.




