29
январь
2024
«Отбасы - орта мектеп» жобасы
«Отбасы - орта мектеп» жобасы аясында жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылдың 29 қаңтар күні Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде “Атаның ақылын алайын” тақырыбында бастауыш сынып білім алушылары арасында даналық сағаты өткізілді. Мақсаты: аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру және балаларды тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға тәрбиелеу. Іс-шараның қонағы ретінде Сұрат ауылы ақсақалдары кеңесінің төрағасы Есенбек Асанбекұлы Адамбаев ақсақал қатысып, балаларға аталық өнегелі өсиет кеңесін айтып, тәрбиелік маңызы бар ойымен бөлісті.
Жоба жетекшісі Г.Наркулова.


Жоба жетекшісі Г.Наркулова.


